Текелідегі қалдықтар көмілген жерді қалпына келтіру үшін 132 млн. теңге қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Текелідегі  қалдықтар көмілген жерді  қалпына келтіру үшін 132 млн. теңге қажет

Текелідегі қалдықтар көмілген жерді қалпына келтіру үшін 132 млн. теңге қажет

Текелідегі қалдықтар көмілген жерді (хвостохранилище) қалпына келтіру үшін 132 млн. теңге қажет. Бұл туралы бүгін, 27-қыркүйекте Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Алматы облыстық табиғи ресурстар және табиғат қорғауды реттеу департаментінің экологиялық бағдарламаларының жетекшісі Керімбек Орынбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Қыркүйек 2005
  • 1379
Фото - Caravan.kz



К.Орынбаевтың айтуынша, «қазіргі жағдаймен жерді қалпына келтіру жөніндегі жұмысшы жоба, техника-экономикалық негіздемесі мен жобалық-сметалық құжаттары әзірленді».
«Біз сараптамадан кейін бұл құжаттарды экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне жолдамақпыз. Республикалық бюджеттен қаржы бөлініп жатса, қалдықтар көмілген жерді рекультивациялау жұмыстарын 2006-жылы бастағалы отырмыз. Жобалық есеп құжатына сәйкес бұл іске 132 млн. теңге қажет»,- деді К.Орынбаев.
Алматы облыстық табиғи ресурстар және табиғат қорғауды реттеу департаментінің өкілінің хабарлауынша, қазір Жаркенттегі уран кеніштеріндегі штольняларды жабу үшін сараптама жүргізілуде. Оны жабуға 24 млн. теңге қажет. «Біз мердігерді анықтау жөніндегі тендерді 2006-жылдың наурыз-сәуір айларында өткізбекшіміз. Қаржы жергілікті бюджеттен бөлінеді»,- деді ол.
К.Орынбаевтың айтуынша, «2005-жылы облыста жер ресурстарының қатты тұрмыстық қалдықтардан ластануының алдын алуға 33,9 млн. теңге бөлінсе, 2006-жылы 169,2 млн. теңге межеленген».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан аумағында тау-кен өнеркәсібінің 17 млрд. тоннадай қалдықтары жиналған. Оның 14,7 млрд. тоннасы қазылған тау жыныстары мен қазба жұмыстарына дайындық барысында жиналған қалдықтар болса, 39,5 тоннасы баланстан шығарылған кен орындарының қалдықтары, 218,5 млн. тоннасы кен байыту комбинаттарының қалдықтары, 234,6 млн. тоннасы металлургиялық өңдеу өндірістерінің қалдықтары.
Техногендік минералды ресурстардың қалдықтары жиналған алаңдар 22 мың гектарды, қазылған тау жыныстары, қазба жұмыстарына дайындық барысында жиналған қалдықтар 12,9 мың гектарды, баланстан шығарылған кен орындарының қалдықтары 0,7 мың гектарды, кен байыту комбинаттарының қалдықтары 7,8 мың гектарды, металлургиялық өңдеу өндірістерінің қалдықтары 1,0 мың гектар аумақты алып жатыр.
Республика көлемінде қорғасын мен мырыш өндіретін 14 кәсіпорын бар. Қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулығы үшін ең қауіптілері : «Ақшатау кен-байыту комбинаты» АҚ, «Ащысай полиметалл комбинаты» АҚ, «Жезкент тау-кен байыту комбинаты» АҚ, «Ертіс полиметалл комбинаты» АҚ , «Лениногорс полиметалл комбинаты» АҚ, «Текелі қорғасын-мырыш комбинаты» АҚ, «Өскемен қорғасын-мырышкомбинаты» АҚ, «Шымкент қорғасын зауыты» болмақ. Бұл кәсіпорындардың 40-тан астам жер астында көмілген қалдықтары мен 30 үйінді түріндегі қалдықтары (отвал) бар.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта