Мәжіліс банкроттық мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс банкроттық  мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады

Мәжіліс банкроттық мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілетін түзетулерді алғашқы оқылымда мақұлдады

Бүгін, 28-қыркүйекте өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Банкроттық мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Қыркүйек 2005
  • 387
Фото - Caravan.kz



«Мұндай өзгерістерді енгізуге заң бұзушылықтардың алдын алу қажеттігі түрткі болды»,- деді заң жобасын депутаттарға таныстырған қаржы министрінің орынбасары Асқар Әмрин.
Заң жобасы бойынша борышкердің мүлкін сақтап қалу, қасақана банкроттық жариялау белгілерін анықтау, борышкердің қаржылық ахуалын талдау және кредиторлар алдындағы міндеттемені өтеуден жалтаруға бағытталған әрекеттердің алдын алу үшін банкроттау процедурасын сырттай қадағалау институтын қолданысқа енгізу қарастырылған.
Енгізілген түзетулерге сәйкес, байқау мерзімі 6-дан 9 айға дейін ұзартылады. «Мұндай мерзім кредиторлардың талабын толыққанды қанағаттандыру мақсатында дебиторлық берешектерді сот жүзінде өндіртіп алу, негізсіз алынған мүлікті қайтарып алу және кредиторлармен есеп айырысу үшін қажет»,- деді А.Әмрин.
Сонымен бірге заң жобасы бойынша ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар ұйымдар үшін реабилитациялық процедуралардың мерзімін қазіргі екі жылға қоса тағы да екі жылға ұзарту мүмкіндігі беріледі. А.Әмриннің айтуынша, «ірі кәсіпорындардың берешегі үлкен болатындықтан, оны өтеу де ұзақ мерзімді талап етеді».
«Ұсынылған өзгерістер қасақана және жалған банкроттықпен күресті күшейтуге және банкроттық саласындағы проблемаларды шешуге септігін тигізеді»,- деді вице-министр.
Заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін мәжілістің салалық комитетіне тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті