«Журналист ақпараттың дәлдігі мен тепе-теңдігі үшін жоғары деңгейде жауапкершілік жүктеу принципін басшылыққа алуы қажет»,- деді Р.Әлиев. Оның пікірінше, әсіресе бұған , «отқа май құйып, шиеленісті тіптен шектен шығарып жібермеу үшін» ахуал ушығып тұрған тұста баса мән беру керек.
«Басылымдар мен электронды БАҚ-тардың Конституцияны бұзуына жол беруге болмайды. Мінберді экстремистерге беру, ұлтаралық және дінаралық араздық тудыру, қазіргі мемлекеттік құрылымды күшпен құлатуға шақыру әрекеттеріне демократия үстемдік құрған бірде-бір жауапты елде жол берілмейді және оған заң жүзінде тосқауыл қойылуға тиіс»,- деді Р.Әлиев.
Вице-министрдің пікірінше, қазіргі таңда Қазақстандағы БАҚ нарығында «үкімет пен әсіреқызыл оппозициялыққа дейін сан-алуан пікірлерге орын берілген». «Елімізде 164 телерадиокомпания, 12 ақпараттық агенттік, 1260 газет пен 529 журнал бар»,- деді ол. «Қазақстанда баспа және электронды БАҚ-тар рыногы қалыптасты деуге әбден болады»,- деді Р.Әлиев.
Сонымен бірге вице-министрдің айтуынша, бәсекелестікке төтеп бере алмай қалған кейбір БАҚ-тар «тақырға отыруының экономикалық себептерін саяси сипатпен сабақтастырып, өз басындағы проблемаларды оппозициялық баспасөзге жасалып жатқан қысымдай көрсетуге тырысу арқылы мемлекет тарапынан жеңілдіктер мен преференцияларды талап етпекші».
«Қазақстанда нарық жолымен реттеу тетіктері жұмыс істейді. Демек, рейтингі жоғары ақпараттық басылымдар мен телеарналар ғана жарқырап алға шығып, бәсекелестікке төтеп бере алмағандары мінберден кетеді»,- деді Р.Әлиев.