Елбасы діни орталықтардың жетекшілерін қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы діни орталықтардың жетекшілерін қабылдады

Елбасы діни орталықтардың жетекшілерін қабылдады

Бүгін, 18-қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев діни орталықтардың жетекшілері мен "Төзімділік арқылы рухани келісімге" атты халықаралық конференцияға қатысушыларды қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Қазан 2005
  • 426
Фото - Caravan.kz

Қасиетті Рамазан айына орай Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарды рухани келісі күнімен құттықтады.

«Біз дүниежүзіндегі өзара түсіністік пен келісімді нығайтуда Қазақстанның атқаратын ролі туралы сөз қозғадық. Түсіністік үстемдік құрған ел ретінде Қазақстан басқа мемлекеттерге үлгі бола алады»,- деді кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі.
«Саяси кемеңгерлігі мен рухани байлығына қарай Қазақстанға әлемнің кез-келген елі қызғана әрі қызыға қарай алады. Мемлекет басшысы да соған лайық. Өз басым саясат тақырыбында ғана емес, сонымен бірге діни ғибраттар туралы да тереңнен толғайтын адамды алғаш рет көріп тұрмын»,- деді арабтанушы ғалым, Құранды орыс тіліне аударған Валерия Порохова.
Діни орталықтардың жетекшілері мемлекет басшысын Қазақстанда рухани келісім күнін белгілеп өткізгені үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанда әрбір орталықтың өз сенім-нанымын еркін уағыздай алатынын атап өтті.

Перейти к новостям спорта