Астанада Шанхай ынтымақтастығы ұйымының іс-қызметі жөніндегі мекемеаралық жұмыс тобының отырысы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Шанхай ынтымақтастығы ұйымының іс-қызметі жөніндегі мекемеаралық жұмыс тобының отырысы өтті

Астанада Шанхай ынтымақтастығы ұйымының іс-қызметі жөніндегі мекемеаралық жұмыс тобының отырысы өтті

Бүгін, 18-қазанда Астанада ҚР сыртқы саясат мекемесінің жетекшісі Қасымжомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Шанхай ынтымақтастығы ұйымының іс-қызметі жөніндегі мекемеаралық жұмыс тобының отырысы өтті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Қазан 2005
  • 408
Фото - Caravan.kz

Отырыста Астанада шілдеде өткен Шанхай ынтымақтастығы ұйымының мерейтойлық 10-шы саммитінің қорытындысы, Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің көп жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру шараларының жоспарын жүзеге асыру барысы, ұйым шеңберіндегі даму қорын, ескерлік кеңес пен банкаралық ынтымақтастық тетіктерін құру жұмыстарының барысы қаралды.

Қ.Тоқаев өз сөзінде Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясында Шанхай ынтымақтастығы ұйымына басымдық берілетінін, сол себепті мекемеаралық жұмыс тобының аясында қаралатын осынау аймақтық беделді ұйымның іс-қызметіне қатысты мәселелерге мүдделі министрліктер тарапынан баса назар аударуды талап ететінін атап өтті.

Перейти к новостям спорта