Президенттіктен үміткер тағы бір адам додаға қатысудан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президенттіктен үміткер тағы бір адам додаға қатысудан  бас тартты

Президенттіктен үміткер тағы бір адам додаға қатысудан бас тартты

Президенттіктен үміткер ретінде атын ұсынған Алматы тұрғыны Кәрішал Асан Ата додаға қатысудан бас тартты. Бұл туралы ол бүгін, 19- қазанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Қазан 2005
  • 459
Фото - Caravan.kz



«Мен өзімді жақтаушылардың қолын жинаудан бас тартуды ұйғардым. 9 күнде 86 мың дауыс жинау мүмкін емес»,- деп мәлімдеді Кәрішал Асан Ата журналистерге.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ол 27-қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясына президенттіктен үміткер ретінде тіркеу туралы өтініш берді.
70 жастағы Алматы тұрғыны, тарих ғылымдарының кандидаты Кәрішал Асан-Ата өз бетімен ат ұсыну арқылы мемлекет басшысы болуға ниет білдірген болатын.
Сөйтіп осымен екінші үміткер сайлауға қатысудан бас тартып отыр. Бұған дейін Жақсыбай Бәзілбаев президент сайлауына қатысудан бас тартатынын мәлімдеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта