Қазақстанда Жалпы ішкі өнімнің өсімі 9 айда 9 процентті құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Жалпы ішкі өнімнің өсімі 9 айда 9 процентті құрады

Қазақстанда Жалпы ішкі өнімнің өсімі 9 айда 9 процентті құрады

Қазақстанда 2005-жылдың 9 айында Жалпы ішкі өнімнің өсімі 9 процентті құрады. Бұл туралы бүгін, 19-қазанда мәжілістің жалпы отырысына қатысқан республика үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Қазан 2005
  • 388
Фото - Caravan.kz



«Барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша жоғары қарқынды өсім сақталып отыр»,- деді Д.Ахметов.
Атап айтсақ, үкімет басшысы жария еткен мәлімет бойынша, өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 4,2%-ке өссе, соның ішінде машина жасау саласындағы өсім 15,7%-ті құрады. Негізгі капиталға салынан инвестиция ауқымы 1,4 есе өсті. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 45%-ке, халықтың жан басына шаққандағы кірісі 21,2%-ке өсті. Айлық орташа жалақы көлемі 16,3%-ке, тұрғындардың нақты кірісі 12,2%-ке, нақты жалақы көлемі 8,2%-ке көбейді.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта