Оңтүстік Қазақстан облыстық жол полицейлерінің 18 проценті жол қозғалысының ережелерін білмейтін болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облыстық жол полицейлерінің 18 проценті  жол қозғалысының ережелерін білмейтін болып шықты

Оңтүстік Қазақстан облыстық жол полицейлерінің 18 проценті жол қозғалысының ережелерін білмейтін болып шықты

Оңтүстік Қазақстан облыстық жол полициясы департаменті қызметкерлерінің 18 проценті жол қозғалысының ережелерінен емтихан тапсыра алмады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Қазан 2005
  • 393
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, жол полициясы қызметкерлерінің жол қозғалысының ережелерінен біліктілігін тексеру жөніндегі бұйрықты Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің төрағасы берген. Жалпыға бірдей ортақ негіздегі емтиханда тәртіп сақшыларына үш мәрте бақ сынап көруге мұрсат берілген. «Қызметкерлердің 82 проценті емтихан тапсырып, 18 проценті одан өтпей қалды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«Емтихан тапсыра алмаған тәртіп сақшылары ішкі істер департаментінің қол қозғалысы ережелеріне қатысы жоқ бөлімдеріне басқа жұмысқа ауыстырылады»,- дейді ондағылар.
2005-жылы облыс бойынша 2 мыңдай жол апаты тіркелді. Соның салдарынан 358 адам қаза тауып, 2319 адам жараланды. 24 жол апаты ішкі істер мекемесі қызметкерлерінің кінәсінен болған.

Перейти к новостям спорта