Душанбеде ТМД елдерінің шекара әскерлерінің қолбасшылары кеңесінің отырысы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Душанбеде ТМД елдерінің шекара әскерлерінің қолбасшылары кеңесінің отырысы өтуде

Душанбеде ТМД елдерінің шекара әскерлерінің қолбасшылары кеңесінің отырысы өтуде

Бүгін, 20-қазанда Душанбеде ТМД елдерінің шекара әскерлерінің қолбасшылары кеңесінің 4- отырысы басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Тәжікстан мемлекеттік шекарасын қорғау комитетінен хабарлады.

  • 20 Қазан 2005
  • 395
Фото - Caravan.kz

Комитеттегілердің хабарлауынша, онда Достастық елдерінің шекарасы арқылы заңсыз есірткі тасымалдаумен бірлескен күрес шараларына қатысты мәселелер талқыланады. Отырыс барысында шекаралардың қауіпсіздігін нығайту мәселесі талқыланып, 2005-жылғы мекемеаралық шаралардың қортындысы шығарылып, ТМД елдерінің шекара әскерлерінің қолбасшылары кеңесінің 2006-жылға арналған жұмыс жоспары талқыланады.

«Бүгін сонымен бірге ТМД елдерінің аумағына келетін үшінші елдердің азаматтарды мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеуге алудың біртұтас жүйесін құруға дайындық жұмыстарының екінші кезеңі, сондай-ақ, Орталық Азия аймағындағы лаңкестікпен және заңсыз көші-қонмен күреске бағытталған бірлескен іс-әрекеттердің жоспары қаралады деп күтілуде».
РФ Федералдық қауіпсіздік қызметі шекара қызметінің жетекшісі Владимир Проничевтің төрағалығымен өтіп жатқан отырысқа Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан және Украина өкілдері қатысуда.

Перейти к новостям спорта