Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің үкімет басшыларының кеңесінің отырысы 26-қазанда Мәскеуде өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің  үкімет  басшыларының кеңесінің  отырысы 26-қазанда Мәскеуде өтеді

Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің үкімет басшыларының кеңесінің отырысы 26-қазанда Мәскеуде өтеді

26-қазанда Мәскеуде Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі РФ СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 21 Қазан 2005
  • 329
Фото - Caravan.kz

РФ СІМ баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, отырыстың күн тәртібінде Шанхай Ынтымақтастық ұйымының шілде айында Астанада өткен саммитінің шешімдеріне сәйкес ұйым шеңберіндегі ықпалдастық тетіктерінің аясын кеңейтуге, сондай-ақ, оған біріккен алты елдің экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық ынтымақтастығын дамытуға қатысты мәселелер талқыланады.

Сонымен бірге отырысқа қатысушылар Шанхай Ынтымақтастық ұйымының 2006-жылға арналған бюджетін бекітіп, қаржылық мәселелерге қатысты бірқатар шешімдер қабылдайды.
Отырысқа алғаш рет Шанхай Ынтымақтастық ұйымының жанындағы бақылаушы елдер -Үндістан, Иран, Монғолия және Пәкістанның өкілдері қатысады.

Перейти к новостям спорта