Жоғары дәрежелі елші аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуда, сондай-ақ, діндер мен мәдениеттер арасында тұрақты диалогты қамтамасыз етуде еліміз айрықша роль атқаратынын атап өтті. Сонымен бірге Қасиетті Престол өкілі Қазақстанның конфессияаралық келісімді, ұлтаралық қарым-қатынастар мен өзара төзімділікті сақтаудағы тәжірибесі жалпы ұйым кеңістігі үшін үлгі бола алатынын атап көрсетті.
Сонымен қатар, ҚР СІМ-нің бірінші орынбасары, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымымен ынтымақтастық мәселелерін жауаптанған Қазақстанның арнаулы өкілі Рахат Әлиев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Венадағы бас пәтерінде жұмыс бабындағы бірқатар кездесулер өткізді.
Атап айтсақ, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының директоры Кристиан Штрохалмен кездесуде алдағы президент сайлауына дайындыққа қатысты кең көлемді мәселелер топтамасы мен Қазақстанда Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының ұзақ мерзімді бақылаушылары миссиясының жұмысы басталуға байланысты мәселелер талқыланды.
ҚР СІМ-нің бірінші орынбасары бюро жетекшісіне бақылаушылар миссиссының жұмысына Қазақстан тарапынан жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді. Сонымен бірге ол Орталық сайлау комиссиясы «Сайлау» электронды дауыс беру жүйесін тестілік тексеруден өткізу үшін Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының техникалық мамандарын қабылдауға дайын екенін атап өтті.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тұрақты кеңесінің төрағасы, Словения өкілі Янец Ленарчичпен кездесу кезінде ұйымға мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің жуырда Люблянада өтетін жыл сайынғы қорытынды кеңесі қарсаңындағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы ағымдағы ахуал төңірегінде жан-жақты пікір алмасылып, Қазақстан мен ұйым арасындағы ынтымақтастыққа қатысты күнделікті мәселелер қозғалды.
>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті