Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде, Орталық Азия аумағындағы уран өндіретін кәсіпорындар бәсекелестік қабілетсіздігі салдарынан жұмысын тоқтатқаны белгілі. Осы кәсіпорындар шығарған, иесіз қалған қалдықтар қазіргі кезде әлем қауымдастығын мазалап отыр.
МАГАТЭ-нің жобасы уран өндіретін кәсіпорындардың қалдықтарды падалануда ең қиын технологиялық, экологиялық және экономикалық мәселелерді анықтауға, осы мәселелерді шешуге және тәжірибе алмасуға бейімді ұйымдар мен кәсіпорындардың мамандарын тартуға арналған.
Осы семинарда өндірістік қалдық сақтайтын жерлердің мониторингі, көмілген қалдықтар және жойылған кәсіпорындар мәселелері қаралды. Орталық Азия елдерінің уран өндірісі қалдықтары бойынша істердің жағдайын талқыланған осы жылдың маусым айында Душанбе қаласында өткен семинармен салыстырғанда, бұл семинарға, Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның және Тәжікстанның бейімді ұйымдарының көптеген мамандары және МАГАТЭ сарапшылары қатысты.
«Қазатомөнеркәсіп» Компаниясы уран кен орындарында жұмысты ең экологиялық таза және тиімді тәсіл танылған бірегей технология — ешбір қалдықсыз жерасты-ұңғымалы сілтілендіру әдісімен жасайды.
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы — уран мен басқа екі ұдай қолданылатын материалдарды экспорттау жөніндегі ұлттық оператор. Компанияның 100% акциялары Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар министрлігі атынан мемлекетке тиесілі. «Қазатомөнеркәсібі» Ұлттық аотм компнаиясының әлемдегі уран өндіру үлесі 9,4%-ды құрайды.