Атырауда жасөспірім қыз атылып өлді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда жасөспірім қыз атылып өлді

Атырауда жасөспірім қыз атылып өлді

Атыраудағы ықшамаудандардың бірінде жасөспірім қыз атылып өлді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Атырау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 22 Қазан 2005
  • 423
Фото - Caravan.kz

14 жастағы қыз үйде сақтаулы тұрған 5 оқты винчестерден өзін-өзі атып алған. Тәріп сақшыларының хабарлауынша, қару қаза тапқан қыздың әкесінің атына тіркелген екен. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл — кейінгі бір айда Атырау облысында шыққан осындай екінші оқиға. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қазан айының басында Атырау облысының Құлсары қаласында 10 жасар ұл 3 жастағы қарындасын атып тастады. Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, «Рейнджер» атты бес оқты винчестердің оғы тиіп ауыр жарақаттанған қыз ауруханада қайтыс болған.
«Әдетте мұндай қайғылы оқиғалар ересектердің салдыр-салақтығынан болады», дейді полициядағылар.