Ақтөбеде мектеп оқушысын "өзін-өзі өлтіруге итермелеу" жөніндегі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде мектеп оқушысын "өзін-өзі өлтіруге итермелеу" жөніндегі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбеде мектеп оқушысын "өзін-өзі өлтіруге итермелеу" жөніндегі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбеде мектептің 3-қабатының терезесінен 7-сынып оқушысының секіріп кету оқиғасына қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің "өзін-өзі өлтіруге итермелеу" жөніндегі 102- бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ақтөбе облыстық ішкі істер департарментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 22 Қазан 2005
  • 407
Фото - Caravan.kz

Бұл іске қатысты ақпаратқа тәртіп сақшылары тергеу мүддесіне сәйкес түсініктеме беруден бас тартуда.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 19-қазанда Ақтөбенің іргесіндегі Қарғалы ауылында 7 сынып оқушысы — 13 жасар бозбала білім ошағының 3 -қабатының терезесінен секіріп кеткен. Оқиғаға оның құрбы-құрдастары куәгер болған. Басынан ауыр жарақаттанып, бірнеше жері сынған бала облыстық жедел жәрдем ауруханасының реанимациялық бөліміне жатқызылған. Облыстық ішкі істер департаментінің ақпаратына сәйкес, бала әлі ес-түссіз күйде .

Перейти к новостям спорта