Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамту туралы заңға енгізілетін түзетулерге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы   халықты жұмыспен қамту туралы заңға енгізілетін түзетулерге қол қойды

Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамту туралы заңға енгізілетін түзетулерге қол қойды

Бүгін, 22-қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Қазан 2005
  • 473
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, халықты жұмыспен қамту саласындағы қарым-қатынастарды реттейтін заңнаманы одан әрі жетілдіру және заң нормаларын халықаралық тәжірибеге сәйкестендіру үшін заңға түзетулер енгізілді.

Өзгерістердің көмегімен әлеуметтік жұмыс орындарын құру заңдастырылды. Сонымен бірге заң жобасына сәйкес мемлекеттің халықты жұмыспен қамту саясатын, соның ішінде мүгедектерді жұмысқа қабылдауға арналған квотаны іске асыруда жұмыс берушілер жүктейтін міндеттер аясын кеңейтетін нормалар енгізілді.
Құжатта азаматтарды жұмысқа орналастырумен шұғылданатын жеке меншік агенттіктердің құқықтары мен міндеттері айқындалған. Атап айтсақ, құжатта жеке меншік агенттіктердің көмегімен шетелдерге жұмыс істеуге барған Қазақстан азаматтарын қорғауға бағытталған нормалар қарастырылған.
Заң президентті ңқол қоюына ұсынылды.

Перейти к новостям спорта