Қазақстан Еуропалық қайта құру және даму банкімен арадағы техникалық ынтымақтастық туралы келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан   Еуропалық қайта құру және даму банкімен арадағы техникалық ынтымақтастық туралы келісімді бекітті

Қазақстан Еуропалық қайта құру және даму банкімен арадағы техникалық ынтымақтастық туралы келісімді бекітті

Бүгін, 22-қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан үкіметі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы техникалық ықпалдастық және ынтымақтастық жөніндегі рамкалы келісімді бекіту туралы" заңға қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Қазан 2005
  • 405
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, келісімде банктің тапсырмаларын орындаушы сарапшыларға халықаралық кеңесші мәртебесін беру және осыған байланысты оларға Еуропалық қайта құру және даму банкін құру жөніндегі келісімде айқындалған иммунитеттер мен артықшылықтарды иемдендіру мәселелері қарастырылған. Сонымен бірге құжатта техникалық ынтымақтастық аясында Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстанға берген техникалық көмек құралдары мен халықаралық кеңесшілерді салықтан босату жөніндегі нормалар бар.

Келісімге 2004-жылдың 10-желтоқсанында Астанада қол қойылды.

Перейти к новостям спорта