Мәжіліс соттылықтың аражігін ажырату мәселелеріне арналған заңнамаларға енгізілетін түзетулер топтамасын алғашқы оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс    соттылықтың аражігін ажырату мәселелеріне  арналған заңнамаларға енгізілетін түзетулер топтамасын алғашқы оқылымда мақұлдады

Мәжіліс соттылықтың аражігін ажырату мәселелеріне арналған заңнамаларға енгізілетін түзетулер топтамасын алғашқы оқылымда мақұлдады

Бүгін, 26-қазанда өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне соттылықтың аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Қазан 2005
  • 606
Фото - Caravan.kz



«Заң жобасы арқылы жергілікті соттардың ролін арттыру, істерді сот инстанциялары арасында бөлісу үрдісінің аражігін ажыратып беретін сот өндірісін жеңілдету, аппеляциялық сатының ролін арттыру, істерді қадағалау негіздемесінің шегін белгілеу және оның аясын тарылту көзделіп отыр»,- делінген үкіметтің аталмыш заң жобасына берген түсініктемесінде.
Атап айтсақ, «заң жобасында қылмыстық істерді Жоғарғы сотта мүлдем қарамайтын болу , ал облыстық соттар мен олармен теңестірілген соттарда азаматтық істерді алғашқы сатылы қарауды азайту ұсынылып отыр». «Соттылық үрдісін бұлайша өзгерту нәтижесінде тараптарда сот шешіміне қарсы аппеляциялық және қадағалау мақсатындағы шағым беру мүмкіндігі пайда болмақ»,- делінген түсініктемеде.
Сонымен бірге заңды қабылдау арқылы заңды күшіне енген сот актілерін қайтадан қарау процедурасы жеңілдетіледі. Мәселен, соған сәйкес Жоғарғы соттың бір ғана қадағалаушы алқасы болмақ. «Демек, артық сот инстанциясын қысқарту арқылы істерді қарау процедурасы жылдамдай түспек». Тараптардың шағымы немесе прокурордың қарсылығы бойынша қадағалау өндірісін қозғау мәселесін Жоғарғы немесе облыстық соттың қадағалаушы алқасының тәуелсіз коллегиялық судьяларының құрамы шешуге тиіс деген ұсыныс жасалып отыр.
Заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін салалық комитетке табыс етілді.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта