Малайзияның бұрынғы үкімет басшысы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жаңартуларды жоғары бағалады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Малайзияның бұрынғы үкімет басшысы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жаңартуларды жоғары бағалады

Малайзияның бұрынғы үкімет басшысы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жаңартуларды жоғары бағалады

Малайзияның бұрынғы үкімет басшысы Махатхир Мұхаммед Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жаңартуларды жоғары бағалады. Бұл туралы ол Куала-Лумпур қаласында Қазақстан Республикасының осы елдегі елшісі Мұхтар Тілеубердімен кездесуде мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі.

  • 26 Қазан 2005
  • 414
Фото - Caravan.kz

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, Қазақстандағы бір бағытты демократиялық құбылыстар әлемге танымал малайзиялық саясаткердің айрықша қызығушылығын тудырған.

Мемлекет басқарудағы 22 жылдық тәжірибесіне сілтеме жасаған бұрығы үкімет басшысы «саяси дәйектілік тұрақтылық пен ілгерілеушіліктің, елдің халықаралық беделінің кепілі бола алады» деп атап өтті.
Махатхир Мұхаммед 4-желтоқсанда өтетін президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевқа жеңіс тілей отырып, Қазақстандағы қазіргі жетістіктер оның атымен тікелей сабақтас екенін ерекше атады.

Перейти к новостям спорта