Мәселен, Е.Ашықбаевтың айтуынша, 27-қазанда Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы АҚШ елшісі Джулия Финли, 29-қазанда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жанындағы Парламенттік ассамблеяның төрағасы, АҚШ конгрессмені Эсли Хатингс, ал 2-қарашада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасының жеке өкілі Аллоиш Петерле сынды өкілдер келмекші.
Е.Ашықбаевтың айтуынша, «сапар мақсаты — Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың келешегі мен алдағы президент сайлауына бақылаушылық жасау аясындағы ықпалдастық мәселелерін талқылау болып табылады». Ресми өкілдің пікірінше, «бұл сапарлар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тарапынан Қазақстанмен арадағы ықпалдастыққа қандай маңыз берілетіндігінің айқын айғағы болса керек».
>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті