Қазгидромет Алматы облысында жел күшейеді деп ескертеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазгидромет Алматы облысында жел күшейеді деп ескертеді

Қазгидромет Алматы облысында жел күшейеді деп ескертеді

Қазгидромет Алматы облысында жел күшейеді деп ескертеді. Бұл туралы "Казгидромет" РМК-ның хабарламасына сілтеме жасай отырып ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығынан ескерту жариялады.

  • 27 Қазан 2005
  • 374
Фото - Caravan.kz

Күн райын бақылаушылардың болжамына сәйкес, 27-қазанда Алматы облысында батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге, кей кездері 25-28 метрге дейін жетеді.

Осыған байланысты аталмыш облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің басшылығына халыққа осы жөнінде хабарлама таратып, адам шығынына жол бермеуге шаралар қолдануды тапсырды.
Атап айтсақ, құтқару қызметінің құрамы мен техникасын дайындық жағдайына көшіру, тіршілік қамтамасыздығы нысандарына тұрақты жұмыс істеуге жағдай жасау, жолдар мен көпірлер ахуалына және көлік қозғалысына бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берілді.

Перейти к новостям спорта