Оңтүстік Қазақстан облыстық тәртіп сақшылары автокөлік жөндеушілерді тексере бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облыстық тәртіп сақшылары автокөлік жөндеушілерді тексере бастады

Оңтүстік Қазақстан облыстық тәртіп сақшылары автокөлік жөндеушілерді тексере бастады

Оңтүстік Қазақстандық тәртіп сақшылары автокөлік жөндеумен шұғылданатын шеберханаларды тексере бастады- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Қазан 2005
  • 391
Фото - Caravan.kz

«Биылғы жылдың 9 айында кісі өліміне апарып соққан 18 жол апатының беті ашылмай отыр. Оларға кінәлі жүргізушілер іздерін жасырып кеткен»,- деді Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер басқармасы жол полициясы басқармасының шұғыл іздестіру бөлімінің бастығы Закир Нәбиев журналистерге хабарлады.

«Көліктер айтарлықтай ақауға ұшыраған. Сол себепті олардың қожайындары автокөлік жөндеушілердің көмегіне жүгінуге мәжбүр»,- деді ол. «Қазір біз рұқсаттама құжаттарын тексеру үшін гараждар, техникалық көмек көрсету станциялары мен көлік жөндеумен шұғылданатын жеке тұлғаларды да тексеріп жатырмыз»,- деді тәртіп сақшысы.
Тәртіп сақшылары автокөлік жөндеуді кәсіпке айналдырған 270 адамды тексерді. Олардың арасынан 70 адамда рұқсат құжаттары болмай шықты. Сонымен бірге олардың басым бөлігі жол полициясының басшылығымен арадағы былтырғы келісімге бағынбайтыны белгілі болды. Келісім бойынша автошеберханаға келген әрбір көлік иесі жол полициясынан апат жағдайына қатысты анықтама әкелуге тиіс.
Автокөлік жөндеумен заңсыз айналысатын шеберлерге қатысты материалдар салық және қаржы полициясына тапсырылады.

Перейти к новостям спорта