Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту жөніндегі келіссөздерді пәрмендендіруге дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту жөніндегі келіссөздерді пәрмендендіруге дайын

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту жөніндегі келіссөздерді пәрмендендіруге дайын

"Қазақстан өзара бірдей тиімділік шартымен Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту жөніндегі келіссөздерді пәрмендендіруге дайын". Бұл туралы бүгін, 27-қазанда Астанада сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Финляндия үкіметаралық комиссиясының 3-отырысында ҚР индустрия және сауда министрлігінің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту және сауда саясатын дамыту департаментінің директоры Нұрлан Сейдалы мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Қазан 2005
  • 385
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі жағдаймен Қазақстан жұмыс тобының 8 отырысы мен 2 кезектен тыс кездесуін, Қазақстанның тауар және қызмет түрлерінің рыногына қол жеткізу шарттарына байланысты екі жақты келіссөздердің 14 раундын, сондай-ақ, ауылшаруашылығындағы экспорт және ішкі қолдау шаралары жөніндегі арнаулы ведомстволық келіссөздерді жүргізіп үлгерді»,- деді Н.Сейдалы.

Индустрия және сауда министрлігі өкілінің мәліметі бойынша, «Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту шараларының аясында негізгі төрт бағыт бойынша көп жақты және екі жақты деңгейде келіссөздер жүргізілуде. Атап айтсақ, заңнамалық базаны бір жүйеге келтіру, сауда-саттықты реттеу және Қазақстанға инвестиция тарту, Қазақстанның тауар және қызмет түрлерінің рыногына қол жеткізу шарттарына байланысты келіссөздер»,- деді ол.
«Қазақстанды Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке қабылдату шараларының аясында үкімет отандық заңдарды халықаралық нормаларға сәйкестендіру шараларын жүзеге асыруда». Мәселен, «Қазақстанның санаткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасын үйлестіру жұмыстары іс жүзінде аяқталып, Қазақстанның құқық қолдану тәжірибесін Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелерімен үйлестіру бағытында ауқымды жұмыстар тындырылуда».

Перейти к новостям спорта