Финляндия Қазақстан экономикасына инвестиция салуға дайын - Финляндия СІМ-нің өкілі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Финляндия Қазақстан экономикасына инвестиция салуға дайын - Финляндия СІМ-нің өкілі

Финляндия Қазақстан экономикасына инвестиция салуға дайын - Финляндия СІМ-нің өкілі

"Финляндия Қазақстан экономикасына инвестиция салуға және өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықтар аясын кеңейтуге дайын". Бұл туралы бүгін, 27-қазанда Астанада сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Финляндия үкіметаралық комиссиясының 3-отырысында Финляндия СІМ-нің Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері жөніндегі департаменті директорының орынбасары Тимо Репо мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Қазан 2005
  • 404
Фото - Caravan.kz

«Финляндия жағы тек дәстүрлі тауар алмасу саласында ғана емес, сонымен бірге инвестиция, технологиялар мен өнеркәсіптің өңдеу салаларын дамыту бойынша ынтымақтастыққа да дайын. Біз Қазақстанды өз тауарларымыз үшін келешегі бар рынок деп санаймыз»,- деді ол.

Елшінің айтуынша, «ТМД елдерінің арасынан Финляндиямен арадағы тауар айналымына қарай Қазақстан үшінші орында».
ҚР СІМ-нің анықтамасына сәйкес, Финляндия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 2005-жылдың алғашқы жартысында 184,3 млн. долларды, соның ішінде экспорт 88,2 млн. долларды, импорт 96,1 млн. долларды құрады. Бүгінде Қазақстан аумағында Финляндия мен Қазақстан бірлескен 13 кәсіпорын мен Финляндиялық компаниялардың өкілдіктері тіркелген.

Перейти к новостям спорта