Жол апаты 27-қазанда Тайынша қаласында болған. «Ауди» автокөлігінің жүргізушісі алдымен жаяу жүргіншіні қағып өтіп, артынан көлігін аударып алды. Соның салдарынан көлік қағып кеткен 12 жасар қыз оқиға орнында мерт болды. Сондай-ақ «Ауди» автокөлігінде отырған 16 жасар бала да қаза тапты. Жүргізуші мен тағы үш жолаушы ауруханаға жатқызылды.