Қазақстан кәсіпкерлерінің конгрессі президент Назарбаевтың саясатын қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан кәсіпкерлерінің конгрессі президент Назарбаевтың саясатын қолдайды

Қазақстан кәсіпкерлерінің конгрессі президент Назарбаевтың саясатын қолдайды

Еліміздің кәсіпкерлер қауымы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын және оның бәсекеге қабілетті кәсіпкерлікті дамытуға, республика халқының әл-ахуалын жақсартуға және азаматтық қоғам құруға бағышталған бағдарын толық қолдайтынын мәлімдейді. Бұл туралы бүгін, 28-қазанда Астанада Қазақстан кәсіпкерлерінің конгрессінде қабылданған резолюцияда айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Қазан 2005
  • 534
Фото - Caravan.kz

«Біз Қазақстанды қарқынды модернизациялауға және оның бәсекелестік қабілетін ғаламдық деңгейге көтеруге бағытталған мемлекет саясатын қолдайтынымызды мәлімдейміз»,- делінген құжатта. «Қазақстандық бизнестің бәсекелестік қабілетін күшейту, оны еркін дамыту және елдің әлеуметтік-экономикалық ролін арттыру қажеттігі бизнес-қоғамдастық тарапынан да қолдау мен жігерді талап етеді»,- деп пайымдайды кәсіпкерлер.

Конгресс бизнес пен мемлекеттің негізгі үш ынтымақтастық бағытын анықтап отыр. «Біріншіден, бұл — экономикалық серіктестік. Бүгінде шағын және орта кәсіпкерліктің қызмет аясын анықтап алуға бағытталған мүлдем жаңаша диалог құру қажеттігі туындады. Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту мен сыртқы нарыққа дендеп шығу қажеттілігі құқықтық ашық база, тіршілік қабілеті бар инфрақұрылым құруды, кәсіпкерліктің жолындағы әкімшілік кедергілерді азайтуды, қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруды, инновациялық технологияларды пайдалану мен мемлекеттің қатысуымен құрылған кәсіпорындардың функцияларын нарықтық ортаға беруді одан әрі жалғастыруды талап етеді»,- делінген резолюцияда.
Кәсіпкерлер әлеуметтік бағдарлы бизнесті дамыту қажеттігін де атап өткен. «Адами капиталға үлес қоспай ілгерілеушілікке жету мүмкін емес. Бизнесіміз гүлденіп дамып келе жатқан ортаның игілігі үшін жауапкершілікті өз мойнымызға алуға дайынбыз және ондай мүмкіндігіміз де бар. Әлеуметтік түйткілдерді шешпейінше қоғамда әлеуметтік және саяси тұрақтылыққа қол жеткізу мүмкін емес»,- делінген құжатта.
«Үшіншісі — бұл біздің азаматтық ұстанымымыз болмақ». «Бизнесті тұрақты дамыту үшін келешектің көкжиегі айқын көрінетін тұрақты саяси климат болуы қажет. Қазақстанда дәл қазір ондай жағдай бар. Бірақ болашақта бұл жеткіліксіз болмақ. Саяси еркіндіксіз экономикалық еркіндіктің болуы мүмкін емес. Сондықтан біз ел президенті ұсынған демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасын қолдаймыз. Билікті орталықсыздандыру, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, атқару мекемелердің ашықтығы, сыбайлас жемқорлықпен күрес және сот реформасы бизнестің еркін даму мүмкіндігін қамтамасыз етеді»,- дейді конгреске қатысушылар.
Конгреске еліміздің әр шалғайынан 1,5 мың кәсіпкер қатысты.

Перейти к новостям спорта