Президент ұлттық компаниялардың негізгі жұмыс бағытына жатпайтын активтерін нарықтық ортаға берудің маңызын тағы бір атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент ұлттық компаниялардың негізгі жұмыс бағытына жатпайтын активтерін нарықтық ортаға берудің маңызын тағы бір атап өтті

Президент ұлттық компаниялардың негізгі жұмыс бағытына жатпайтын активтерін нарықтық ортаға берудің маңызын тағы бір атап өтті

Ұлттық компаниялар негізгі жұмыс бағытына жатпайтын активтерін нарықтық ортаға беруге асықпай отыр. Бұл туралы бүгін, 28-қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан кәсіпкерлерінің конгрессінде сөйлеген сөзінде атап көрсетті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Қазан 2005
  • 468
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысының айтуынша, мемлекеттің қатысуымен құрылған кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдардың басты жұмыс бағытына жатпайтын функцияларын өткеріп беру жұмыстарының аясындағы алдын-ала талдау қорытындысы көрсеткендей, «басты жұмыс бағытына жатпайтын мыңнан астам кәсіпорындарды нарықтық ортаға , соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік саласына беру мүмкіндігі анықталды».

«Қазір бұл іс тәжірибелік сипатқа көшті. Дегенмен, ұлттық компаниялар бұл жұмысты ойдағыдай жүзеге асырмай отыр. ҚазМұнайГаз, ҚТЖ мен басқа да ұйымдар туралы осындай уәж айтуға болады. Үкімет бұл істі жіті қадағалауға тиіс»,- деді Н.Назарбаев.

Перейти к новостям спорта