Елбасы мемлекет пен бизнес таяу жылдарда жүзеге асыратын негізгі бес міндетті айқындап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы мемлекет пен бизнес таяу жылдарда жүзеге асыратын негізгі бес міндетті айқындап берді

Елбасы мемлекет пен бизнес таяу жылдарда жүзеге асыратын негізгі бес міндетті айқындап берді

Бүгін, 28-қазанда Қазақстан кәсіпкерлерінің конгрессінде сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев билік пен бизнес-қоғамдастықтың жаңаша әріптестік идеологиясы аясында мемлекет пен бизнестің таяу жылдарда жүзеге асыратын негізгі бес міндетін атап көрсетті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Қазан 2005
  • 643
Фото - Caravan.kz



Президенттің пайымдауынша, ықпалдастықтың бірінші формуласы «мемлекет кәсіпкерлік пен халықтың игілігіне қызмет етеді деген принципке негізделуге тиіс». Іс жүзінде мемлекеттік аппараттың жұмысы шағын кәсіпкерлікті дамытуға септігін тигізуге бағытталуға тиіс. «Мемлекеттік мекемелердің, соның ішінде жергілікті биліктің жұмысын бағалаудың айрықша маңызды бір көрсеткіші — кәсіпкерліктің даму деңгейі болуға тиіс»,- деді мемлекет басшысы. «Сол үшін мен үкіметке мемлекеттік мекемелердің жұмысына рейтингтік баға беру жүйесін жобалау жөнінде тапсырма бердім. Ол кәсіпкерлерге көрсетілетін қызметтің сапасын обьективті бағалауға мүмкіндік береді»,- деді ол.
Екінші міндет мемлекет пен бизнес арасындағы барлық деңгейдегі диалогтың тетіктерін жетілдіруге саяды. «Кәсіпкерлікті дамыту проблемалары мен келешегін және ең маңызды түйткілдердің шешімін кеңінен талқылау мүмкіндіктерін қарастырған жөн. Осы тұрғыда мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлер арасындағы ықпалдастық туралы меморандумды жобалау тиімді деп санаймын»,- деді Н.Назарбаев.
Елбасы белгілеген үшінші міндет — жеке меншікті қорғау болып табылады. «Кәсіпкерлер Қазақстанда бизнес жүргізу қауіпсіз әрі келешегі бар дегенге сенімді болуға тиіс»,- деп мәлімдеді президент.
Төртінші мақсат — экспортқа ден қою. «Өз тарапынан мемлекет экспортқа бағытталған жоғары технологиялық өнімдер өндірісінің тартымдылығын арттыруға арықарай да күш салатын болады»,- деді президент.
Бесінші міндет Қазақстандағы кәсіпкерлік климаттың қолайлылығын мейлінше арттыруға саяды.
Мемлекет пен бизнес арасындағы жаңаша әріптестік идеологиясының үш тірегі ретінде Елбасы экономикалық әріптестік, әлеуметтік жауапкершілік пен азаматтық ұстанымды атады.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта