Қазақстан көп векторлы сыртқы саясат ұстанады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан көп векторлы сыртқы саясат ұстанады

Қазақстан көп векторлы сыртқы саясат ұстанады

Бүгін, 31-қазанда парламент мәжілісінде өткен үкіметтік сағатта ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев "Қазақстанның көп векторлы сыртқы саясатты талақ етіп, бір бағытқа ден қоюына" қарсылық білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 31 Қазан 2005
  • 2816
Фото - Caravan.kz



«Кейбіреулер Қазақстан мүшелікке өткен халықаралық ұйымдардың саны шектен шықты, еліміз түрлі бағыттардың басын шалып «шашырап» кетті деп санайды»,- деді Қ.Тоқаев.
Сыртқы істер министрінің пікірінше, «Қазақстан секілді ауқымды ел үшін ауқатты Еуропа болсын, мейлі басқа болсын, бір тартылыс орталығын бағдарға алу -қолайлы ықпал көзі бола алмайды. Керісінше, Қазақстанның ұзақ мерзімді іргелі мүддесі тұрғысынан алғанда, бұл мүлдем көрегендікке жатпайды дер едім. Ол тіпті жүзеге асуы мүмкін емес және саяси және экономикалық қай жағынан алғанда да кесірлі»,- деді ол.
Қ.Тоқаевтың айтуынша, «Қазақстан іс-қызметі елдің ұлттық мүддесіне сай келетін ұйымдарға ғана бірігуде».
«Қазақстан сыртқы саясаттағы басым бағыттарын айқындап алды және бұл бағыттар еліміздің Орталық Азия аймағындағы жетекші ел деген мәртебесіне лайық екенін халықаралық қоғамдастық мойындаған»,- деді республика сыртқы істер министрі.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта