Қазақстан -АҚШ қарым-қатынасының болашағы зор - ҚР СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан -АҚШ қарым-қатынасының болашағы зор - ҚР СІМ

Қазақстан -АҚШ қарым-қатынасының болашағы зор - ҚР СІМ

Бүгін, 31-қазанда парламент мәжілісінде өткен үкіметтік сағатта ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың болашағына сенім білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 31 Қазан 2005
  • 771
Фото - Caravan.kz



«АҚШ-пен арадағы ынтымақтастықтың болашағы қолайлы болады деп болжаймыз. Өйткені, бұдан екі жақ бірдей мүдделі»,- деді ол.
«Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың маңызы зор. Біз аталмыш алпауыт мемлекетпен арадағы ықпалдастықты жоғары бағалаймыз. Сол себепті біз түрлі түйткілді мәселелер бойынша АҚШ-пен арадағы диалогты Нұрсұлтан Назарбаев пен Билл Клинтон 1994-жылдың ақпан айында қол қойған демократиялық әріптестік хартиясының негізінде жалғастырып келеміз»,- деді ол.
ҚР СІМ-нің пікірінше, «АҚШ мемлекетік хатшысы Кондолиза Райстың жуырдағы сапары өзара стратегиялық әріптестікті дамытуға деген мүдделестікті тағы бір дәлелдеп берді».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта