Қарағандыда гепатит дертінің белең алуына байланысты үш мектеп жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда гепатит дертінің белең алуына байланысты үш мектеп жабылды

Қарағандыда гепатит дертінің белең алуына байланысты үш мектеп жабылды

Қарағандыда гепатит дертінің "А" түрі белең алуына байланысты үш мектеп жабылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қаланың бас санитарлық дәрігері Төлеген Хамитов хабарлады. Нақты айтар болсақ, қаланың Оңтүстік-шығыс ауданындағы №57, 16 және 66-шы мектептер жабылды. Мектеп директорлары мен қаладағы санитарлық қызмет басшыларының сұрауымен аталмыш білім беру нысандарында оқитын оқушылар белгіленген мерзімнен бұрын күзгі демалысқа жіберілді. Сабақ 13-қарашада қайтадан басталады. Жалпы алғанда мектептердегі карантин 30-қарашаға дейін енгізілді.

  • 31 Қазан 2005
  • 476
Фото - Caravan.kz

Мектеп директорлары балалар оқуға оралған кезде қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етіледі деп сендіруде. Мәселен, кабинеттерге көшу жүйесі алынып, мәдени және көңіл көтеру шаралары азайтылады.

Т.Хамитов мектептерде бауыр қабыну дертінің етек алуына ауыз су сапасының нашарлығы әсер етті деген пікірде.
Әзірге мектептерде гепатит дертіне шалдығу оқиғалары бірлі-жарым ғана тіркелгенімен, санитарлық дәрігерлер ахуалдың ушығып кетуінен қауіптенеді. Сортировка ауданында судың әредік қана берілуі гепатит дертінің жаппай етек алуына түрткі болуы мүмкін деген қауіп бар.
Жалпы алғанда Қарағандыда 82 мектеп бар. Олардың 30-ында гепатитке шалдығу оқиғалары тіркелді.

Перейти к новостям спорта