Қазақстан полициясы заңнама шеңберінде ғана жұмыс істейді, деп мәлімдеді министр. «Сайлау науқаны барысында полицияның іс-қызметі сайлауға қатысушылар үшін тең құқылы жағдайды қамтамасыз ету және азаматтардың құқығы мен бостандығының сақталуына қадағалауға саяды»,- деді Б.Мұхамеджанов.
Кездесуге қатысушылар алдағы президент сайлауына дайындық, оның барысында құқық пен тәртіпті, сондай-ақ, елімізге сайлау барысын қадағалауға келген халықаралық бақылаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты кең көлемді мәселелер топтамасын тақылады.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, кездесу өзара түсіністік және конструктивті диалог ауанында өтті.