Елбасы Индустриялық-инновациялық Қазақстан" атты көрмеде болды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Индустриялық-инновациялық Қазақстан" атты көрмеде болды

Елбасы Индустриялық-инновациялық Қазақстан" атты көрмеде болды

Бүгін, 1-қарашада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Елордасындағы Алатау спорт сарайында ашылған "Индустриялық-инновациялық Қазақстан" атты көрмеде болды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Қараша 2005
  • 402
Фото - Caravan.kz

Көрме 2003-2015-жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясының бірінші кезеңін жүзеге асыруға бағытталған кешенді шараларды қорытындылау аясында ұйымдастырылып отыр.

Көрме шеңберінде ғарыш тақырыбына арналған стенд жұмыс істеуде. Онда «КазСат» жер серігі, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасында ғарыштық қызметті дамыту туралы 2005-2007-жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыс істеп жатқан «Қазғарыш» және «Бәйтерек» АҚ-ның іс қызметіне қатысты ақпараттар ілінген. Бағдарламаны жүзеге асыруға 44,4 млрд. теңге жұмсалмақшы.

Перейти к новостям спорта