Қазақстан , Әзербайжан және Грузия республикалары Ақтау теңіз айлағы арқылы жүк тасымалының ауқымын арттыра түспекші - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан , Әзербайжан және Грузия республикалары Ақтау теңіз айлағы арқылы жүк тасымалының ауқымын арттыра түспекші

Қазақстан , Әзербайжан және Грузия республикалары Ақтау теңіз айлағы арқылы жүк тасымалының ауқымын арттыра түспекші

Ақтау халықаралық теңіз сауда айлағында Әзербайжан көлік министрі, Грузияның экономикалық даму министрі мен Қазақстанның көлік және коммуникация министрлері орынбасарларының жұмыс бабындағы кеңесі өтті. Онда Еуропа-Кавказ- Азия (ТРАСЕКА) көлік дәлізі аясындағы тасымал ауқымын кеңейту мәселелері талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша Ақтау халықаралық теңіз сауда айлағы арқылы жүк тасымалының ауқымын арттыра түсу жөніндегі хаттамаға қол қойылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Қараша 2005
  • 510
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында Ақтау теңіз айлағы арқылы жүк тасымалдаудың технологиялық ерекшеліктері, темір жол және теңізбен жүк тасымалдау тарифтері, сондай-ақ, тасымалға негізгі қатысушылар арасындағы ықпалдастық шарттары талқыланды. Тараптар Қазақстан, Әзербайжан және Грузия республикаларының көлік мекемелерінің өзара тарифтерді одан әрі оңтайландыру мәселесін дәйектеудің маңызын атап өтті.

ҚР көлік және коммуникация министрінің орынбасары Талғат Әбілғазиннің айтуынша, Ақтаудағы кездесу ТРАСЕКА көлік дәлізі арқылы өтетін жүк тасымалының ағынын арттыру мен жақсартуға қатысты біртұтас көзқарастар мен тарифтер қаралған Баку мен Тбилисиде бұған дейін болған кездесулерді қорытындылау сипатында болып өтті. Қазіргі жағдаймен жеңілдіктер жасау жөнінде мәмілеге қол жеткізіліп, Қазақстан жағы темір жол арқылы тасымал мен айлақтағы алымдарды 2 есеге дейін азайтуға келісті.
Қазақстан Республикасындағы Грузия елшісі Зураб Шургаияның айтуынша, «осындай бірнеше кездесудің нәтижесінде бұл бағытта Грузияның қызығушылығын тудыруға жағдайлар жасалды. Баға ставкалары үйлестіріліп, аталмыш бағытта транзиттік және негізгі жүктерді тарту мәселелері келісілді». З.Шургаияның айтуына қарағанда, кеңесте жүк тасымалдаушыларға Еуропа-Кавказ-Азия бағытындағы көлік дәлізін пайдалануға мүмкіндік беретін нақты бағалар төңірегінде уағдаластық жасалды.
Жұмыс бабындағы кеңеске Грузияның экономикалық даму министрінің орынбасары Д.Циклаури, Әзербайжан көлік министрлігінің экономика және көлік саясаты аппаратының жетекшісі С.Мамедов, ҚР көлік және коммуникация министрінің орынбасары Талғат Әбілғазин, батуми теңіз айлағының басшылығы, жергілікті мемлекеттік мекемелердің басшылары, үш елдің темір жол мекемелерінің өкілдері, «ҚазТеңізКөлікФлоты» ұлттық теңіз кеме компаниясы» АҚ, «ҚазТрансСервис» акционерлік қоғамы, «Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы» АҚ-ның өкілдері қатысты.
2005-жылы Ақтау теңіз айлағы арқылы 10,5 млн. тонна жүк, соның ішінде 1 млн. тонна болат, 300 мың тоннадай астық пен басқа да тауар түрлерін тасымалдау көзделіп отыр.

Перейти к новостям спорта