Шымкентте өтетін ІІ Бүкіләскер кеңесіне Қазақстан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте өтетін ІІ Бүкіләскер кеңесіне Қазақстан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы қатысады

Шымкентте өтетін ІІ Бүкіләскер кеңесіне Қазақстан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы қатысады

2-қараша, сәрсенбіде Шымкентте өтетін ІІ Бүкіләскер кеңесіне Қазақстан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы- президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Қорғаныс министрлігінен хабарлады.

  • 1 Қараша 2005
  • 409
Фото - Caravan.kz



Кеңеске ҚР Қорғаныс министрлігі, төтенше жағдайлар министрлігі, ішкі істер министрлігі, ҰҚК, Республикалық ұлан, Бас әскери прокуратура сынды барлық күш құрылымдарының өкілдері қатысады.
Жиынға «Кәсіби әрі мобильді әскер мемлекеттің сенімді қалқаны» тақырыбы арқау болмақ. Қорғаныс министрлігінің түсініктемесіне сәйкес, кеңеске қатысушылар Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайту және кәсіби әскер жасақтау мәселелерін талқылайды.
Кеше ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері мен ІІ Бүкіләскер кеңесіне қатысатын 500 адам Шымкентке келіп жетті. Бүгін олар Даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қояды. Кеңестен кейін Шымкенттің орталық алаңында әскери техникалардың шеруі өтеді.
І Бүкіләскер кеңесі осыдан 4 жыл бұрын Алматыда өткен.

>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта