Халықаралық бақылушылар Қазақстанның сайлау заңнамасы талаптарын бұзу деректерін әшкереледі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халықаралық бақылушылар Қазақстанның сайлау заңнамасы талаптарын бұзу деректерін әшкереледі

Халықаралық бақылушылар Қазақстанның сайлау заңнамасы талаптарын бұзу деректерін әшкереледі

ТМД елдеріндегі сайлауларға бақылау жасау жөніндегі миссиясы (CIS-EMO) Қазақстанның сайлау заңнамасы талаптарын бұзу деректерін әшкереледі. Бұл туралы бүгін, 1-қарашада Астанада өткен баспасөз мәслихатында миссияның Алматы облысын жауаптанған үйлестірушісі Степан Новосельчан мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Қараша 2005
  • 420
Фото - Caravan.kz



«Сайлау туралы» заң талаптарына қарамастан, үгіт-насихат материалдары мен үнпарақтар гүлзарлар, саябақтар мен гүл бақтары сынды кез-келген жерде таратылуда. Президенттіктен үміткерлердің сайлауалды штабтарының іс-қызметі де күдік тудырады»,- деді С.Новсельчан.
«Кейбір үміткерлердің қоғамдық қабылдауында азаматтардың проблемалары шешілуде. Бұл сайлау заңының сайлаушыны сатып алу немесе үгіттің тыйым салынған түрлерін пайдалануға қатысты талаптарын бұзуға жатпай ма деген мәселенің басын ашып алған жөн»,- деді ол.
Бұған қоса миссияның Қарағанды облысын жауаптанған үйлестірушісі Анатолий Гайдайдың хабарлауынша, «Қарғандыда президенттіктен жекелеген үміткерлердің плакаттары тіпті тамыз айында ілінген. Бұл да заң бұзуға жатады».
Миссия жетекшісі Марина Богдановичтің хабарлауынша, бүгін тиісті мекемелерге аталмыш заң бұзушылықтарға назар аудару туралы сауалдар дайындалып таратылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта