Еуропарламент Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасау ниетін қолдау мәселесін президент сайлауынан кейін қарайды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуропарламент Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасау ниетін қолдау мәселесін  президент сайлауынан кейін қарайды

Еуропарламент Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасау ниетін қолдау мәселесін президент сайлауынан кейін қарайды

Еуропарламент Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2009-жылы төрағалық жасау ниетін қолдау мүмкіндігін президент сайлауынан кейін қарайды. Бұл туралы Еуропалық Парламент төрағасының бірінші орынбасары Алехо Видал-Квадрас Рока бүгін, 2-қарашада республика парламенті сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаевпен кездесуде мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Қараша 2005
  • 349
Фото - Caravan.kz



«Алдағы президент сайлауы- шешуші оқиға. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасау ниетін қолдау мүмкіндігін осы сайлаудан кейін ғана қарайтын боламыз»,- деді ол.
Еуропалық институттар Қазақстанға қолдау көрсетеді, деді ол.
Еуропалық Парламент төрағасының бірінші орынбасарының пікірінше, «Қазақстандағы сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары ашық, еркін әрі қарқынды ахуалда жүргізілуде». «Мен оппозицияның пікірін де тыңдадым. Бұл пікір агрессиялық сипатта болғанымен, ашық екенін айтқым келеді. Сондықтан да Қазақстандағы үгіт-насихат жұмыстары Еуропалық стандарт аясында ашық жүргізіліп жатыр»,- деді ол.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта