2005 жылғы І жарты жылдықта еліміздің төлем балансының активті сальдосы 913 млн. долларды құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005 жылғы І жарты жылдықта еліміздің төлем балансының активті сальдосы 913 млн. долларды құрады

2005 жылғы І жарты жылдықта еліміздің төлем балансының активті сальдосы 913 млн. долларды құрады

2005 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындылары бойынша тауарлар экспортынан түскен түсім ағымдағы операциялар бойынша резиденттердің өсіп отырған шығыстарын өтеді. 2005 жылғы І жарты жылдықта ағымдағы операциялардың шоты бойынша активті сальдо 913 млн. долларды құрады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі ҚР Ұлттық банкіне сілтеме жасап.

  • 2 Қараша 2005
  • 536
Фото - Caravan.kz

Тауарлар мен қызмет көрсетулердің экспорты өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 47% өсіп, 14,3 млрд. доллар болды, ал импорт 34% өсіп, 8,3 млрд. долларға жетті.

Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялардың (ШТИ) жалпы келуі 2004 жылғы 1 жарты жылдықпен салыстырғанда 13,6% көбейіп, 2,7 млрд. долларды құрады. Осы сомаға «ҚазМұнайГаз» АҚ мәмілесінің нәтижесінде болған акционерлік капитал бойынша міндеттемелердің төмендеуі кіреді. Осы төмендеу сомасын есепке алмағанда, шетелдік тікелей инвестициялар түріндегі жаңа қаржыландырудың келуі 3 миллиардтық деңгейден асып түсті.
Шетел капиталының едәуір келуі республика банктері жүзеге асыратын сыртқы қарыз алу және қаржылық емес кәсіпорындардың орта- және ұзақ мерзімді заемдарды тартуы есебінен қамтамасыз етілді. ЕДБ 11% жаңа заемдарды игеруі базалық кезеңнің сомадағы деңгейінен асып түсті және 2,6 млрд. долларды құрады, оның 0,97 млрд. доллары орта мерзімді несиелерді игеруге тиесілі.
Тұтастай алғанда 2005 жылғы 6 айда жалпы сыртқы борыш 2,5 млрд. АҚШ долларынан астам көбейді және 2005 жылғы 30 маусымда 34,6 млрд. доллар деңгейіне жетті. Сыртқы борыштың өсімі, бірінші кезекте, екінші деңгейдегі банктердің (шамамен 2 млрд. долл.) және республикада жұмыс істеп тұрған шетел компаниялары филиалдарының (шамамен 360 млн. долл.) берешегінің өсуі есебінен болды.
Бұрынғыша шетелдік кредиторлар заем капиталын, негізінен өңделмеген мұнай мен табиғи газ өндірумен айналысатын кәсіпорындарға береді — жалпы сыртқы борышының 30,8%. Банктердің берешегі республиканың жалпы сыртқы борышының 26,2% құрады. Қазіргі кезде сыртқы берешектегі айтарлықтай үлеске сол сияқты негізгі қызмет түрі геологиялық барлау мен іздестірулер жүргізу болып табылатын кәсіпорындар ие болып отыр — 15,9%. Жалпы сыртқы борыштың 8,2% мемлекеттік борышқа сәйкес келеді.
Соңғы жылдары республиканың жалпы сыртқы борышының ЖІӨ-ге қатынасының көрсеткіші барынша жоғары (75% астам) болды. Сонымен қатар ЖІӨ-нің және тауарлар және қызмет көрсету экспортының жоғары өсу қарқыны арқасында орташа және ұзақ мерзімді болашақта төлем қабілеттілікті бағалау өлшемдерінің жақсарғанын атап айтқан жөн. Сонымен, жалпы сыртқы борыштың ЖІӨ-ге (СБ/ЖІӨ) және экспортқа (СБ/ТҚЭ) қатынасының көрсеткіштері жыл басындағы 78,8% және 142% салыстырғанда 2005 жылдың бірінші жартыжылдығының аяғында тиісінше 74,6% және 127,4% болды.

Перейти к новостям спорта