Мәжіліс "Мемлекеттік монополия туралы" заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс "Мемлекеттік монополия туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "Мемлекеттік монополия туралы" заң жобасын мақұлдады

Бүгін, 2-қарашада өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Мемлекеттік монополия туралы" заң жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Қараша 2005
  • 628
Фото - Caravan.kz

ҚР табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, «бұл құжат мемлекеттік монополия субьектілерінің іс-қызметін қадағалау және реттеуді оңтайландыру және тұтынушылар құқығын қорғау мақсатында жобаланды».

Б.Сағынтаевтың түсініктемесіне сәйкес, заң жобасында барлық мемлекеттік монополия субьектілері мемлекеттік регистрге енгізіледі. Мемлекеттік монополия субьектілерінің тауар нарығында монополиялық ықпал жүргізуіне жол бермеу үшін заң жобасында кейбір шектеулер қарастырылған. Сонымен бірге заң жобасында уәкілетті мекеменің құқығы мен міндеттері, соның ішінде «мемлекеттік монополия субьектісі көрсететін қызметтің құнын белгілеу» құқығы белгіленеді.
Сонымен бірге бүгін депутаттар «Мемлекеттік монополия мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгеріәстер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.
Заң жобалары сенаттың талқысына ұсынылды.

Перейти к новостям спорта