Ұлттық валютадағы кредиттер бір айда 1079,5 млрд. теңгеге дейін 4,0%, шетел валютасындағы кредиттер 1039,0 млрд. теңгеге дейін 4,0% ұлғайды. Нәтижесінде теңгедегі кредиттердің үлес салмағы тамыз айымен салыстырғанда өзгеріссіз 51,0% деңгейінде қалды.
Ұзақ мерзімді және сол сияқты қысқа мерзімді кредиттердің өсу үрдісі байқалып отыр. Ұзақ мерзімді кредиттер 1445,3 млрд. теңгені құрай отырып 4,5%, ал қысқа мерзімді кредиттер 673,2 млрд. теңгені құрай отырып 2,9% өсті. Қорытындысында ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы 67,9%-дан 68,2%-ға дейін өсті.
Тамыз айымен салыстырғанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған ставкасы 14,0%-дан 13,7%-ға дейін төмендеді, ал жеке тұлғаларға берілген кредиттер бойынша 19,3%-дан 19,4%-ға дейін өсті.