Мемлекет басшысы Шымкентте шина зауыты мен мақта-мата және жіп иіру өндірісі кәсіпорынында болды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Шымкентте  шина зауыты мен мақта-мата және жіп иіру өндірісі кәсіпорынында болды

Мемлекет басшысы Шымкентте шина зауыты мен мақта-мата және жіп иіру өндірісі кәсіпорынында болды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентте "ИнтерКомШина" АҚ шина зауыты мен "Меланж" АҚ мақта-мата және жіп иіру өндірісі кәсіпорынында болды. Бұл туралы KZ-today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

  • 3 Қараша 2005
  • 1694
Фото - Caravan.kz

«ИнтерКомШина» жеңіл автокөліктер мен арнайы және ауыл шаруашылық техникалары үшін шина өнімін шығаратын Орталық Азиядағы жалғыз кәсіпорын.

«Кәсіпорынға бүгінгі таңда 40 миллионнан астам доллар инвестиция салынды, 3 мыңнан астам адам жұмыспен қамтамасыз етілді. Бұл индустриялық даму жөніндегі мемлекеттік саясаттың нақты нәтижесі», — деді президент.
«Меланж» АҚ Ресей мен Украинаға тоқыма өнімдерін экспорттайды, кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 5 000 тонна тоқыма өнімін құрайды.
Президент қайта құрылған мақта-мата өнімін шығару жөніндегі өндірістік кешенін іске қосты.
Қайта құру мен тігін және сырлау-өңдеу өндірісін кеңейту жұмыстарының жалпы құны 40,5 миллион долларды құрады.

Перейти к новостям спорта