Қарағанды облысындағы Саранская шахтасында өрт шықты. 316 адам басқа жерге көшірілді, зардап шеккендер жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысындағы Саранская шахтасында өрт шықты. 316 адам басқа жерге көшірілді, зардап шеккендер жоқ

Қарағанды облысындағы Саранская шахтасында өрт шықты. 316 адам басқа жерге көшірілді, зардап шеккендер жоқ

Қарағанды облысындағы Саранская шахтасында шыққан өрт сөндірілуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Қараша 2005
  • 303
Фото - Caravan.kz

316 кенші жер үстіне шығарып алынды, зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Министрліктің хабарлауынша, 2-қарашада 11 сағат 18 минутта шахтаның 5-ші квершлагында 660 вольттық тоқ кабелі үзілу салдарынан өрт шыққан. Өрт 288 шаршы метр аумақты шарпыды.
Өрт 8 сағаттан кейін сөндірілді. Бұл шараға ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің «Көмір» құтқару қызметінің 46 адамы мен 10 техникасы жұмылдырылды.

Перейти к новостям спорта