Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі Орталық Азиядағы басқа елдердегіден әлдеқайда төмен - Еуропарламент өкілі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі Орталық Азиядағы басқа елдердегіден әлдеқайда төмен - Еуропарламент өкілі

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі Орталық Азиядағы басқа елдердегіден әлдеқайда төмен - Еуропарламент өкілі

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі Орталық Азиядағы басқа елдердегіден әлдеқайда төмен. Бұл туралы бүгін, 3-қарашада Еуропалық Парламент төрағасының орынбасары Алехо Видал-Квадрас Рока республика парламенті сенатының депутаттары алдында сөйлеген сөзінде мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Қараша 2005
  • 977
Фото - Caravan.kz

«Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты ахуал Орталық Азиядағы басқа елдердегіден мүлдем өзгеше. Аймақ елдерінің басым бөлігі дүниежүзіндегі ең жемқорлық жайлаған елдер ретінде қабылданатыны белгілі»,- деді А.Рока. Еуропарламент өкілі Қазақстан президентінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қоғамдық ұйымдарды көптеп тарту туралы ұсынысына қолдау білдірді. «Сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісін жоюға бағытталған іс-шараларды жалғастыру қажет»,- деді ол.

А.Роканың айтуынша, «Қазақстан көп жағдайда Орталық Азия елдерінен көш ілгері келеді және көптеген артықшылықтарға ие. Қазақстанның амбициясы өте жоғары әрі гүлденген елге айналу үшін модернизациялану әлеуеті өте жоғары»,- деді Еуропарламент өкілі.
Еуроодақ Қазақстанмен арадағы өзара тиімді қарым-қатынасты дамытудан мүдделі, деді Еуропарламент төрағасының орынбасары. «Қазақстанда қазіргі өсім деңгейі сақталған жағдайда бірнеше жылдан кейін сіздер бізге қолұшын беруге жарап қаласыздар»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта