Қазақстан -Ұлыбритания сауда-өнеркәсіптік кеңесі Қазақстандағы мұнайгаз саласына арнап машина жасау өнеркәсібін дамыту мәселелерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан -Ұлыбритания сауда-өнеркәсіптік  кеңесі Қазақстандағы мұнайгаз саласына арнап машина жасау өнеркәсібін дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан -Ұлыбритания сауда-өнеркәсіптік кеңесі Қазақстандағы мұнайгаз саласына арнап машина жасау өнеркәсібін дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан -Ұлыбритания сауда-өнеркәсіптік кеңесі Қазақстандағы мұнайгаз саласына арнап машина жасау өнеркәсібін дамыту мәселелерін талқылады. Бұл туралы бүгін, 3-қарашада кеңес отырысының қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз мәслихатында ҚР индустрия және сауда министрі Сауат Мыңбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Қараша 2005
  • 575
Фото - Caravan.kz

«Біз мұнайгаз саласына арнап машина жасауды дамыту және мұнайгаз саласындағы жобалардың ұлттық сипатын арттыру жолдарын талқыладық»,- деді С.Мыңбаев.

«Сонымен бірге біз Каспий теңізімен кеме жүруге негіз болатын құқықтық базасының регистрі тәртібін қарадық. Өйткені қазір тасымал қарқыны арта түсті»,- деді ол.
Сонымен бірге С.Мыңбаевтың хабарлауынша, «отырыста»British Airways» компаниясының Алматыға ұшырылатын рейстер санын арттыру және Атырауға рейс ашу мүмкіндіктері жөніндегі ұсынысы қаралды».
Сонымен бірге жиын барысында Ұлыбритания университеттерінде оқитын студенттер квотасын арттыру, шетелдік жұмыс күшін тарту ережелері, салық салу және инновациялықжаңалықтар саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Перейти к новостям спорта