2005 жылдың қазанында азық-түлік тауарларының бағасы 0,6%-ке өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005 жылдың қазанында азық-түлік тауарларының бағасы 0,6%-ке өсті

2005 жылдың қазанында азық-түлік тауарларының бағасы 0,6%-ке өсті

2005 жылдың қазанында азық-түлік тауарларының бағасы 0,6%-ке өсті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі ҚР статистика агенттігіне сілтеме жасап.

  • 3 Қараша 2005
  • 395
Фото - Caravan.kz

Тұрақты өткізіліп тұратын азық-түлік тауарлары бағасының деңгейін байқаудың материалдары өткен аймен салыстырғанда ағымдағы жылдың қазанында жұмыртқа бағасының өсуі — 8,1%, сүт өнімдері бағасының өсуі — 3,2%, күріш бағасының өсуі — 2,2%, ет және құс еті бағасының өсуі — 0,9%, жарма бағасының өсуі — 0,6%, ал жемістер мен көкөністер бағасының төмендеуі — 1,4%, қант бағасының төмендеуі — 0,4% тіркелгенін көрсетті.

2005 жылдың қазанында азық-түлік тауарларының бағасы 2004 жылғы қазанмен салыстырғанда 7,7%-ға өсті. Ет және ет өнімдері — 12,7%-ға қымбаттады. Бір килограмм шошқа етінің республика бойынша орташа алғандағы бағасы өткен айда 434 теңге болды, бұл өткен жылғы тиісті айдағыдан 97 теңгеге артық, жылқы еті — 470 теңге, бұл тиісінше 53 теңгеге артық, қой еті — 464 теңге, 41 теңгеге артық, сиыр еті — 389 теңге, 37 теңгеге артық.
Сүт өнімдерінің бағасы 10,7%-ға өсті. 2005 жылдың қазанында бір килограмм қаймақ 277 теңге тұрды, бұл 2004 жылғы тиісті айдағыдан 32 теңгеге артық, сүзбе — 227 теңге, 28 теңгеге артық, сарымай — 398 теңге, 11 теңгеге артық, шикі сүт — 49 теңге, 7 теңгеге артық.

Перейти к новостям спорта