2005 жылдың қазанында Қазақстан Республикасындағы инфляция 1% құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005 жылдың қазанында Қазақстан Республикасындағы инфляция 1% құрады

2005 жылдың қазанында Қазақстан Республикасындағы инфляция 1% құрады

2005 жылдың қазанында Қазақстан Республикасындағы инфляция 1% құрады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 3 Қараша 2005
  • 494
Фото - Caravan.kz

Азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда жұмыртқа 8,1%-ға, сүт өнімдері — 3,2%-ға, күріш — 2,2%-ға, ет және құс еті — 0,9%-ға қымбаттады. Жемістер мен көкөністедің бағасы — 1,4%-ға, қанттың бағасы — 0,4%-ға төмендеді.

Азық-түлік емес тауарлар тобында киім және аяқкиімнің бағасы 1%-ға, үй тұрмысындағы заттардың бағасы — 0,6%-ға, жеке гигиена тауарларының бағасы — 0,3%-ға өсті. Бензин 13%-ға, дизель отыны — 12,3%-ға қымбаттады.
Білім беру мекемелерінің қызметтеріне ақы төлеу — 3,1%-ға, мәдениет қызметтеріне ақы төлеу — 1,1%-ға, денсаулық сақтау қызметтеріне ақы төлеу — 0,9%-ға, тұрғын үй-коммуналдық сала қызметтеріне ақы төлеу — 0,7%-ға, жолаушылар көлігі қызметтеріне ақы төлеу — 0,6%-ға өсті.

Перейти к новостям спорта