Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа көпір құрылысымен танысып, аудандарды аралады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа көпір құрылысымен танысып, аудандарды аралады

Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа көпір құрылысымен танысып, аудандарды аралады

Мемлекет басшысы Сарыағаш-Жетісай автокөлік жолындағы "Оңтүстік қақпа" көпірінің құрылысымен танысты және Оңтүсік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының тұрғындарымен кездесті,- деп хабарлайды президенттің баспсөз қызметі.

  • 4 Қараша 2005
  • 521
Фото - Caravan.kz

Салынып жатқан көпірдің ұзындығы 115 метр, жүк көтеру қабілеті 40 тонна, жобалық құны 275 миллион теңгені құрайды. Аталған жоба Қазақстанның өңірдегі басқа елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуға бағытталған.

Елбасы Төле би ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, жиналғандарды «Алтын күз» мерекесімен құттықтады.
Қазіргі кезде Сарыағаш ауданының дамуы еліміз сияқты жоғары деңгейде. Жеміс, көкөніс, ет және сүт өнімдерінің өндірісі артты, тұрғындардың әл-ауқаты жақсарып, әлеуметтік сала дамып келеді. Ауданның ауыл шаруашылығын дамытуға соңғы үш жылда мемлекеттік бюджеттен 540,4 миллион теңге, жеңілдетілген бағамен 10900 тонна жанар-жағар май бөлінді.
Президент аудан тұрғындарына еңбекте жаңа табыстарға қол жеткізіп, бейбітшілік пен гүлдене берулерін тіледі.

Перейти к новостям спорта