Консультация барысында бюджеттің негізгі көрсеткіштері егжей-тегжейлі талқыланды. Д.Ахметов парламент депутаттарын орталық атқарушы органдар 2006 жылы атқаратын міндеттер мен тапсырмалар туралы хабардар етіп, кейбір мемлекеттік және салалық бағдарламаларды қаржыландырудың қажеттілігін негіздеді.
Депутаттар сондай-ақ, 2006 жылғы бюджет жобасы туралы өз ойларымен бөлісті.