Қоғамда тиісті ұстаным қалыптасқан жағдайда ғана елімізде өлім жазасы мүлдем алынады - ҚР әділет министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қоғамда тиісті ұстаным қалыптасқан жағдайда ғана елімізде өлім жазасы мүлдем алынады - ҚР әділет министрі

Қоғамда тиісті ұстаным қалыптасқан жағдайда ғана елімізде өлім жазасы мүлдем алынады - ҚР әділет министрі

Қоғамда тиісті ұстаным қалыптасқан жағдайда ғана елімізде өлім жазасы мүлдем алынады. Бұл туралы бүгін, 4-қарашада Ұлыбритания елшісі Джеймс Шарптың сауалына жауап беру барысында ҚР әділет министрі Зағипа Балиева мәлімдеді.

  • 4 Қараша 2005
  • 407
Фото - Caravan.kz

«Үкімет өлім жазасын алып тастау мерзімін нақты белгілеп отырған жоқ. Ол қоғамда тиісті ұстаным қалыптасқан жағдайда шешімін табады»,- деп атап өткен министр елімізде өлім жазасына жарияланған мораторий әлі де күшінде екенін еске салды.

Кездесуде сонымен қатар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде тұтқындарды азаптау мен қинауға жол бермеу жолдары төңірегінде сөз қозғалды. Ұлыбританиялық елші әділет министрінен тергеу изоляторлары мен полиция бөлімшелерінде заңдылықтың сақталу жағдайына ІІМ-мен бірлесе мониторинг жүргізуге қолдау көрсетуді өтінді. Әділет министрі бұл өтінішке қолдау білдіріп, «мұндай мониторинг еліміздегі пенитенциарлық жүйені одан әрі ізгіліктендіруге септігін тигізетінін» атап өтті.

Перейти к новостям спорта