Елімізде "Желтоқсан" атты жаңа патриоттық қозғалыс құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде "Желтоқсан" атты жаңа патриоттық қозғалыс құрылды

Елімізде "Желтоқсан" атты жаңа патриоттық қозғалыс құрылды

Елімізде "Желтоқсан"деп аталатын жаңа республикалық халықтық - патриоттық қозғалыс құрылды. Бұл туралы бүгін, 4-қарашада Алматыда өткен баспасөз мәслихатында бастамашыл топтың өкілі Аманжол Нәлібаев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 4 Қараша 2005
  • 771
Фото - Caravan.kz

«Желтоқсан» қозғалысын құру жөніндегі бастамашыл топтың өкілдері түгелдей 1986-жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылар. Олардың айтуынша, «желтоқсан оқиғасына қатысты шындықтың беті күні бүгінге дейін ашылған жоқ».

Қозғалысты ұйымдастырушылар бүгін «әсіресе жастар арасында түсіністік пен қолдау тапқысы келетінін» мәлімдеді.
А.Нәлібаевтың айтуынша, «Желтоқсан» оңшылдарды да, солшылдарды да жақтамайды. Қозғалыстың әрбір мүшесі өз бетерімен дербес дауыс береді».
«Желтоқсан» республикалық халықтық — патриоттық қозғалысының құрылтай сьезі 16-қарашада өтіп, бірлестікті тіркеуге арналған құжаттар әділет мекемелеріне өткеріледі.