Ұрлап алған 1,7 млн. теңгені ойынханада ұтқызған ақша айырбастау бөлімшесінің кассирі 4 жылға бас бостандығынан айрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұрлап алған 1,7 млн. теңгені ойынханада ұтқызған ақша айырбастау бөлімшесінің кассирі 4 жылға бас бостандығынан айрылды

Ұрлап алған 1,7 млн. теңгені ойынханада ұтқызған ақша айырбастау бөлімшесінің кассирі 4 жылға бас бостандығынан айрылды

Қостанай қалалық соты осындағы бір ақша айырбастау бөлімшесінің кассирін 4 жылға бас бостандығынан айыру, дүние-мүлкін тәркілку және материалдық жауапкершілік жүктелетін қызметке орналасу құқығынан 3 жылға айыруға үкім шығарды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қостанай облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Қараша 2005
  • 407
Фото - Caravan.kz

Қаржы полициясының түсініктемесіне сәйкес, бір банктің ақша айырбастау бөлімінің кассирі 2005-жылдың 1 және 2-мамырында түрлі валютамен 1 704 135 теңгені өз жауапкршілігіне алып, артынан ысырап еткен.

Қылмыстық істі тексеру барысында белгілі болғанындай, банк қызметкері өзіне сеніп тапсырылған қаржыны көзір ойыны барысында ұтқызып алған. Тағы бір айта кетер жайт, ақша ұрлаған кассир ойынханаға жұмыс уақытында баратын болған.
Айыпкер өзіне жүктелген жазаға қарсы жоғарғы сатылы сотқа шағымданды.
Алайда Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы алғашқы сатылы соттың шешімін өз күшінде қалдырды.

Перейти к новостям спорта